Біздің колледжде 05.09. 2023ж- 15.09.2023ж. аралығында Қазақстан халқы тілдері мерекесінің онкүндігі ұйымдастырылды. А.Байтұрсыновтың суретімен Тілдер күніне арналған үлкен стенд колледж фойесіне ілінді. Арнайы бекітілген жоспар бойынша іс-шаралар өткізілді. 1 курс студенттері жалпықазақстандық диктант жазуға қатысты. Колледж кітапханасында жаңа оқуға түскен студенттерге арнайы «Оқуға шақыру» кітап көрмесі ашылды. Әр топ іс-шараға белсенді қатысуға тырысты. Орыс ақыны И.А. Крыловтың шығармаларын А.Байтұрсынов аудармалары бойынша фрагменттердің суретін салу конкурсы өтті.
2023ж. 15 қыркүйек күні колледжімізде « Ана тілің-арың бұл» тақырыбында үш тілде мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 1 курс студенттері қатысты. Жүлделі 1 орынды ТМ-65 топ иеленді. Атап өтсек, өлеңді нақышына келтіріп оқығандар: Жакиянов Адай, Керлеуітов Санжар, Матаев Архат, Мұрат Ардақ.
2 –орнын МЭ-60 топқа берілді. Белсенді қатысқан студенттер: Бондарь Руслан,Аманкелді Мағжан,Мұхамедұлы Расул,Мұхамедұлы Мансур,Тлегенов Амирхан.
3-орынды ЭМ-62 және СД-63 топтары бөліп алды. ШПМО-64 топ «Өнерлі өрге жүзер» номинациясымен марапатталды. Барлық топтарға Мақтау қағазы салтанатты түрде ұсынылды.
Қазақстан халқы тілдері онкүндігі қызықты және мазмұнды өтті.