18.10.2023 Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің 1- курс студенттері Экология үйірмесінде электронды темекінің құрамына зерттеу жүргізді.
Мұндағы мақсат сапалы реакциялар арқылы электронды темекінің нақты құрамын анықтау және электронды темекі құрамындағы заттардың барлық тірі ағзаларды құрайтын ақуыздарға әсерін зерттеу болды.
Глицериннің болуы мыс (II) гидроксидінің жаңадан дайындалған ерітіндісінің көмегімен анықталды, ал тауық жұмыртқасының ақуызының денатурациясы пропиленгликольмен тәжірибе арқылы көрсетілді.
Сыныптан тыс сабақтағы осы жұмыс арқылы біз темекіні толтыруға арналған сұйықтықтың құрамындағы пропиленгликоль мен глицериннің термиялық ыдырауы улы заттардың – акролеин мен формальдегидтің бөлінуіне әкелетінін тағы да еске салғымыз келді. Олар орталық жүйке жүйесіне әсер етіп қана қоймай, мутагендік қасиетке ие.