2023 жылғы 17 қазанда Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау – кен техникалық колледжі кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында І курс студенттері арасында жылдамдыққа оқу жарысы өткізілді.
Жарыс басталар алдында студенттер жылдамдықтан басқа оқу мәнері де бағаланатыны туралы хабардар болды. Студенттер кезекпен орыс тілінде “Боз інген», қазақ тілінен «Қазақ халық ертегілері» кітабынан «Алтын сақа» ертегісін оқыды. Кітапханашы О.В.Кожемяк уақытқа, ал №64 топтың кураторы Н.А.Игнатенко оқу мәнерін бағалау бақылаушысы болды.
Жарыс нәтижесі бойынша № 64 топтың студенті Шевченко Вероника және №62 топтың студенті Савченко Арсений үздік оқырмандар атанды. Оларға ең үздік оқырман куәліктері табысталды. Сайыстың қорытындысы бойынша 1 орынды №64 топ, 2 орынды №62 топ, 3 орынды №63 топ иеленді. Жарыс қатысушыларына кітапхана атынан қойын дәптерлер сыйға тартылды.