Биыл әйгілі ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл.
Ол жиырмасыншы ғасырдың басында қазақ әдебиетінің өрісі кеңейіп, тынысының ашылуына үлкен екпін берген дара талант.
2023ж. 23 қазан күні «Оқуға құштар колледжі» жобасы аясында
ТМ-65 топ студенттерімен «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» тақырыбында қазақ ақыны, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына арналған әдеби сағат ұйымдастырылды.
Кітапханашы Кожемяк О.В. студенттерге ақынның өмірі мен шығармашылығы, туған халқының гуманистік, ағартушылық идеяларымен сусындаған шығармалары туралы әңгімеледі.
Студенттер ақынның «Кім боламын?», «Оқуда мақсат не?», «Оқып жүрген жастарға», «Шәкірт ойы», «Адасқан өмір» өлеңдерінен үзінділер оқып, «Сұлтанмахмұт Торайғыров» бейнебаянын қызығушылықпен тамашалады. Іс-шараның соңында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Махметова С.Т. қазақтың ұлтжанды ақынының қиын тағдыры мен шығармашылығына арнап жүрекжарды пікірін білдірді.
Сұлтанмахмұт қазақ әдебиеті тарихындағы есімі дара аталатын ақындардың бірі. Құйрықты жұлдыздай жарқ еткен ғұмырын ұлт руханияты жолына сарп етті.