2024 жылы “Бір ел – бір кітап” республикалық акциясы аясында қазақтың көрнекті жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесіне енгізілген шығармаларын оқимыз.
2024 жылғы 12 наурызда Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау – кен техникалық колледжінің кітапханасында №63 топ студенттерімен жазушының “Менің атым Қожа” повесін талқылады.
Кітапханашы О. В. Кожемяк балалар әдебиеті классигінің өмірі мен шығармашылығы туралы айтып берді. “Менің атым Қожа” хикаясы Б.Соқпақбаевқа ең үлкен даңқ әкелді. Осы оқиға бойынша “Қазақфильм” киностудиясында 1967 жылы Канндағы Халықаралық балалар мен жасөспірімдер кинофестивалінде жүлдеге ие болған көркем фильм түсірілді. Студенттер осы фильмнің үзінділерін көріп, өз әсерлерімен бөлісті. Язовский Артем мен Буркин Руслан өздері оқыған әңгімеден армандаушы Қожаның шытырман оқиғалары туралы айтты.