Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің базасында «ЕЭК» АҚ «Шығыс» кеніші электрослесарлары арасында «Ең үздік маман» атты конкурс өтті. Командалар жеребе арқылы құрылды және олардың құрамына колледж студенттері кірді.
Конкурстың мақсаты өз ісінің үздік мамандарын анықтап қана қоймай, сонымен қатар компанияның корпоративтік құндылықтарын: қауіпсіздік, бірлік, даму, тиімділік, жауапкершілікті іске асыра отырып, командада жұмыс істей білу болды.
Байқау 2 кезең бойынша өтті: теория бойынша тестілеу және практикалық бөлім-сызбаларды әзірлеу және құрастыру. Нәтижесінде электрослесарлар құрамындағы команда жеңімпаз атанды.
1орын- 7 разрядты А.Бабенко, Ю. Гарипова және колледж студенті Д.Смирнова.
2 орын –электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрослесарлар Б.Сакеев, А.Сивко және колледж студенті Д.Смирнов.
3 орын – электрослесарлар Н.Савлаев, А.Бимендинов және колледж студенті Д.Сапаров.
Қатысушыларды дипломмен және ақшалай сыйлықтармен марапаттау колледждің кәсіптік бағдар беру кабинетінде өтті.