2016ж. 26 тамызда Достық үйінде Екібастұз қалалық әкімшілік ұйымдастырған «Дін саласындағы өзекті мәселелерді насихаттау ерекшеліктері» тақырыбында республикалық конференция өткізілді.
Конференцияның басты өкілдері болып келесі қатысушылар шақырылды:
- Шаймерденов Б.Р. – ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің діни істер бойынша бас сараптамашысы;
- Новикова Г.Н. – Христиан дінін оқыту бойынша бөлім басшысы;
- Каиргельдинов Мақсатбек – Астана қаласының бас имамы.
Бірінші сұрақ бойынша Б.Р. Шаймерденов сөз сөйледі. Ол қазіргі кездегі өзекті діни мәселелерге халықтың, әсіресе жастардың көзқарасы туралы айтып өтті. Презентация көрсетіліп, Конституция баптары бойынша нақты мағлұматтар келтірілді.
Екінші сұрақ бойынша Г.Н. Новикова баяндама жасады. Ол жастардың әртүрлі секталарға кіру жолдары туралы деректі фильмді көрермендердің назарына ұсынды.
Имам Каиргельдинов Мақсатбек қазіргі кездегі жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу туралы ақыл-кеңес беріп, өз тарапынан пайдалы ақпараттар берді.
Конференция мазмұнды өтті, қазіргі кездегі өзекті мәселелердің құнды шешімдері қабылданды. Қазақстанның болашағын қалайтын жалынды жастарға дұрыс бағыт-бағдар беріліп, конференция қатысушылары көтеріңкі көңілмен әдемі әсерлерімен бөлісуге өз колледждеріне, оқу орындарына асықты.
















