2020 жылдың 5-15 қыркүйек арлығында Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде Тілдер онкүндігі ұйымдастырылды. Онкүндік жоспар бойынша өткізілді. Бұл онкүндікте іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тіліндерінде өтті. Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша колледжіміздің тіл мамандары түрлі іс- шаралардың өтуіне ат салысты.

1-2 курс студенттеріне Тілдер күніне арналған «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты сынып сағаттары онлайн форматта Zoom арқылы өткізілді.

Білім ордасында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай интернет-челлендж өткізілді. Абай өлеңдері үш тілде оқылды. Челленджге 1-курс студенттері белсенді қатысты. Әсіресе, «Тігінші» мамандығында оқитын №45 топ студенттері Яковлева Людмила, Салменқызы Дана, Блинова Алиса және топтың ө/о шебері Жетбесбаева Ания да өзін жас маман ретінде белсенді көрсетіп, мәнерлеп оқу өнерімен жұртты тәнті етті. Сондай-ақ №40 топ студенттері Амантай Абдулла, Ковязин Никита, Сизиков Михаил өте белсенді қатысты.

«Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай» Абайдың табиғат құбылыстарына жазылған өлеңдері бойынша колледжішілік суреттер сайысы ұйымдастырылды. Үздік жұмыстар әлеуметтік желілерде жарияланды.

 «Тіл ұлттың жаны» тақырыбында қашықтық форматта үш тілде эссе жазу сайысы өткізілді. «Тепловоз машинисінің көмекшісі» мамандығында білім алатын №41 топ студенттері Аркенов Рустам, Гончаров Николай, Тлектесов Алидың шығармалары өте жақсы жазылған.

Онкүндігіміздің соңғы күні «Тіл – достықтың құралы» атты қорытынды ұйымдастырылды. Белсенділік танытқан студенттер мақтау грамоталарымен марапатталады.

Осындай іс-шараларды өткізу барысында студенттерімізге тілді ұлттық мұра ретінде сезіндіріп, тіл мәдениетін сақтай білуге, тілдің қадір-қасиетін бойларына дарыта аламыз. Студенттердің еліне, ұлтына, тіліне  деген сүйіспеншілігін арттырамыз.