2021 жылғы 12 сәуір мен 23 сәуір аралығында ПМУ-де (Павлодар мемлекеттік университеті) онлайн-форматта халықаралық конференция өтті, қатысушыларды Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманова, сондай-ақ Томск ұлттық зерттеу политехникалық университетінің табиғи ресурстар институтының профессоры Елена Ивашкина қарсы алды. Қазақстанның көптеген қалаларынан және Ресейдің жақын қалаларынан 1200-ге жуық мақала келіп түсті.

Қатысушылар колледж және университет студенттері болды, конференция қорытындысы 8 күнге созылды, тағатсыздана  күткен байқаудың қорытындысы бойынша біздің колледждің «ЭМ» №40  тобының студенттері Гарипов Илфат 2 жүлделі орынға ие болды – жоба жетекшісі Садыкова Гульжан Жакишевна, Сизиков Михаил 3 орынға ие болды – жоба жетекшісі Зейнулина Сауле Мухаметбековна.

Жарайсыздар!