Елбасы  «Қазақстанды жаңғырту–болашаққа сенімді қадам» бағдарламасында қоғамдық сананы жаңғыртудың ауқымды бағдарламасын сапалы іске асыру қажеттігін атап өтті, өйткені оның елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін маңызы зор. Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжімен бірге бұл міндетті жүзеге асыру үшін біздің әлеуметтік серіктесіміз «Богатырь Көмір» ЖШС жұмыс істеуде. Компанияның өндірістік базалары мен цехтары біздің колледж студенттерінің кәсіби практикасынан өтетін орын болып табылады, мұнда тәжірибелі тәлімгерлер оларға мамандықтың қыр-сырын меңгеруге көмектеседі. Өндірістік практиканы аяқтағаннан кейін болашақ мамандар бітіру біліктілік емтиханын тапсырады, онда кәсіпорын жазған өндірістік сипаттама және күнделікке қойылған практика бағалары маңызды рөл атқарады. Бітіру емтихан комиссиясының құрамына комиссияның төрағалары және мүшелері–компаниядан индустриялық кеңестің өкілдері кіреді, олар тікелей біліктілік разрядын береді және жұмысқа орналасу үшін бос орындарға шақырады. «Богатырь Көмір» ЖШС-мен ынтымақтастық бағыттарының бірі оқу процесіне дуальды оқыту нысанын енгізуді жүзеге асыру болып табылады. 2012-2019 жылдар аралығында дуальды оқыту жүйесі бойынша компаниямен бірлесіп электрослесари, токари, дәнекерлеуші, экскаватор машинистері даярланды, олар бүгінде компанияда табысты еңбек етуде. Жалпы, эксперимент студенттердің дуалды дайындығының тиімділігін көрсетті, өйткені практикалық модульді дамыту кезінде олар тар профильдер бойынша біліктілік емтихандарын тапсырды және дипломнан басқа, біліктіліктер туралы куәліктерді алды: стропальщик, такелажник, электрослесарь, слесарь, бұл компанияға жұмысқа орналасу кезінде олардың кәсіби қызмет аясын едәуір кеңейтті. «Богатырь Көмір» ЖШС алғашқылардың бірі болып колледж студенттеріне атаулы шәкіртақы тағайындады. 2020-2021 оқу ылында атаулы шәкіртақыны колледждің 8 студенті алады. Компания токарлық станоктарды қайтарымсыз тапсырды және жыл сайын колледж шеберханаларына материалдар ұсынады. КТУ қызметкерлері колледж өміріне белсенді қатысты, тәрбиелік, спорттық іс-шараларды өткізуге қатысты және жыл сайын аз қамтылған студенттерге материалдық көмек көрсетті, қамқорлыққа алынған көмек ретінде қысқы киім мен аяқ киім сатып алды. Болашақ мамандарды сапалы даярлау үшін колледждің инженерлік-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін үнемі арттыру қажет. Осыған байланысты компания компанияның оқу-курстық комбинаты базасында арнайы технология оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері үшін экскурсиялар, семинарлар, іс-тәжірибелер ұйымдастырады. Инженерлік-педагогикалық ұжым, колледж студенттері «Богатырь Көмір» компаниясына жастарды еңбекке тәрбиелеу, кәсіби даярлау ісіне қосқан үлесі, қолдауы үшін үлкен алғыс білдіреді және одан әрі ынтымақтастықтың нығая түсуіне  үміттенеді.

Басшының ОӨЖ жөніндегі орынбасары С. Аубакирова