2021 жылғы 13-15 желтоқсан аралығында энергетика саласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары арасында қашықтықтан оқыту форматында Республикалық кәсіптік шеберлік байқауы өтті. Байқаудың мақсаты ТжКБ оқытушыларының кәсіби шеберлігін және заманауи стандарттарға сәйкес мамандарды кәсіби даярлау сапасын арттыру болды.
Байқау екі кезеңде өтті: теориялық және практикалық. 1 кезең – теориялық, 1 модуль – мамандық бойынша тестілеу; Модуль 2 – Схеманы құрастыру, 2 кезең – практикалық.
Байқауға облыстан екі адамнан тұратын, оқытушы немесе өндірістік оқыту шебері лауазымындағы педагогикалық өтілі үш жылдан кем емес 1 команда қатысты (Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Павлодар өңірлерінен).
Байқауға қатысушылар теориялық және практикалық дайындықтарын, кәсіби шеберліктерін, оқу үдерісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданғанын, жоғары еңбек мәдениетін және кәсіби-педагогикалық сөздік қорын меңгергендігін көрсетті. Кәсіби шеберлік сайысының нәтижесінде Павлодар облысының командасы, Қ.Пшенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі, арнайы пән оқытушысы Кокаева Салтанат Оразхановна және өндірістік оқыту шебері Ергалиев Байназар Қайыргелдинұлы 3 орынға ие болды.