2022ж 17.01. күні колледжімізде Жас мамандар мектебінің отырысы өтті. Жетекшісі- Зейнулина Сәуле Мұхаметбекқызы.
Білім ордамызға қызметке келген жас мамандар Сырымбетов Ғалымжан Болатұлы, Жетпісов Дархан Бейсембайұлы, Ишатов Даурен Миржанұлы 1- жартыжылдықтың қорытындысы бойынша шығармашылық жұмыстарын көрсетті.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ишатов Даурен Миржанович пен АӘД пәнінің оқытушысы Сырымбетов Ғалымжан Болатұлының жұмыстары ерекше қызықты, креативті болды.
Жас ұстаздар өздерінің позитивті, тың ойларымен бөлісті.
Жас мамандарды қолдауға ЖММ түлектері Исаев Б.Б., Умарова А.М.,
Зында Т.Т. көрермен ретінде келді.
Колледж әдіскері Жұмабекова Рысты Айтмағанбетқызы жас мамандардың шығармашылық жұмыстарына қорытынды жасап, жас мамандарға жүрекжарды тілектерін айтты.
Мұғалімнің жолы – үздіксіз жетілдіру мен рухани және шығармашылық дамудан тұрады. Мұғалім-болашақ ұрпақтың бағбаны.