Техникалық пәндер ЦӘК апталығы аясында іс-шаралар өткізілді. «Жылжымалы құрам» ЦӘК өз жұмысын жоспарға сай жүргізді. Іс-шараның мақсаты: студенттердің болашақ мамандығының маңыздылығын, темір жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың өмірлік қажеттілігін ұғындыру, темір жолдағы жарақаттардың негізгі себептерімен таныстыру. ЭРТОПС-41 тобының 2 курс студенттерімен «Білімгер» танымдық ойыны, 1 курс «Ақыл ойды шындау» викторинасы, 3 курс «Электровоз машинисінің көмекшісі» мамандығы бойынша олимпиада өткізілді. Балалар іс-шараға белсене қатысып, арнайы пәндер бойынша білімдерін, ұжымда тату жұмыс істеуін және бәсекелестік рухын көрсетті. «Білімгер» ойынының қорытындысы бойынша Қайыржанов Арман 1 орын, Тілектесов Али 2 орын, 3 орын Гончаров Николай, Самат Сұлтанбек, Мұқатаев Ануар алды, «Ақыл ойды шындау» ойынның нәтижесі 1 орын Баландин Вадим, 2 орын Галямов. Рамиль, 3 орын Серіков Ернар, Водостоев Дмитрий «Сенімді иық», Иванов Станислав «Жасырын резервтер» номинациясына ие болды. Олжабай Темірлан олимпиадада практикалық білімін көрсетті, сонымен қатар автосцепканы құрастырды және жинақтады соның нәтижесінде 1 орынды жеңіп алды , Клектесов Теміржан, Жалау Арман, Алексин Никита, Сыздықов Ерсайын номинация бойынша мараппаталды.