2022 жылдың 10 ақпанында Ауған соғысының интернационалистерімен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты: студент жастардың азаматтылығы мен патриотизмін тәрбиелеу, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру, естелік дәстүрлерді сақтау, талантты жастарды анықтау және қолдау. Кездесуге Екібастұз Ауғанстанның интернационалист – жауынгерлері қоғамының төрағасы Рыспаев Санат Катаевич, сондай-ақ Демченко Г.В, Аукашев К. А және БАҚ өкілдері, ЭГТК теледидары қатысты. Іс-шара барысында қонақтар өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, өз өмірлері туралы айтып берді.