03.02.2022 жылы Қ.Пішенбаев атындағы ЭГТК КМҚК Салауатты өмір салтын үйлестіруші Р. Б. Сәкенова мен психолог Т. М. Мұхамеджанованың жетекшілігімен облыстық психикалық денсаулық орталығының Екібастұз аймағы бойынша өкілі А. Г. Бакированың шақыруымен нашақорлық, спирттік ішімдіктерді тұтыну проблемасына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында студенттермен өзін-өзі бағалауды арттыру және ұжымды біріктіру үшін психологиялық тренинг өткізілді. Іс-шара жоғары деңгейде өтті, Студенттер бейнероликтерді қызығушылықпен қарап, сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді.