2022 жылғы 4 ақпанда Екібастұз қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесу тақырыбы:” әскери қызметшінің мәртебесі ” кездесудің мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында Отанға деген патриоттық сезімді тәрбиелеу. Іс-шара барысында студенттерге әскери қызметшілердің мәртебесі және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына қабылдау ережелері туралы айтылды, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.