2022 жылы 16 ақпан күні колледжде Құқық қорғау органдарының өкілі облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі -Ирина Александровна Темірғалиева және Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы- Куликова Анна Александровнамен студенттердің кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу “Есірткіні тұтыну мен таратудың құқықтық аспектілері”тақырыбында өтті.
Полицейлердің студенттермен кездесуінің мақсаты: жастарды есірткі бизнесіне қарсы күрес шараларымен таныстыру, сондай-ақ есірткіні пайдалануға, сатып алуға және сақтауға байланысты қылмыстар үшін жауапкершілікке тартылу жайында ақпарат берілді. Студенттерді қолданыстағы заңнама нормалары, сауаттылығы мен құқықтық мәдениетімен таныстырды, құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде көп мәлімет ұсынылды. “Есірткіге жол Жоқ!” тақырыбында бейнеролик көрсетілді, презентацияда есірткі қылмысы, есірткіні, спиртті ішімдіктерді, веб-темекіні артық дозалаудан болатын өлім-жітім статистикасы туралы айтылды.
Заң өкілдері өздерінің кәсіби білімдері мен практикалық тәжірибелерімен бөлісті. Студенттер қойылған сұрақтарға толық жауап алды. Іс-шара соңында психолог Анна Александровна есірткіні қолдану мен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша тренинг өткізді. Бұл кездесу заңды жақсы түсінуге, өз елінің заңға бағынатын лайықты азаматы және патриоты болуға мүмкіндік береді деп үміттенеміз.