2022 жылдың 15 – 25 ақпан аралығында «Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі» КМҚК-да Қазақстандағы Балалр жылына арналған АӘТД және дене тәрбиесі апталығы өтті.
Білім алушылардың дене тәрбиесі және спортқа, қызығушылығын және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында келесі іс-шаралар ұйымдастырылды:
1. Күшке арналған «Тартылу» жарыс өткізілді, оған барлығы 21 студент қатысты. Топттық есепте 1 орынды 28 рет – 42 топ (электр жабдықтарын жөндеуші және қызмет көрсетуші электр монтері), 2 орынды 24 рет – 46 топ (экскаватор машинисті), 3 орынды 23 рет 43 топ (токарь), иеленді. Жеке есепте: 1 орын 18 рет –Тлектесов Али 41 топ, 2 орын 15 рет – Толеуов Талғат 42 топ, 3 орын 14 рет – Карчажкин Артур 51 топ орын алды.
2. Орынынаң ұзындыққа секіру жарысқа барлығы 30 студент қатысты. Орындар төмендегідей бөлінді: 1 орын – 269 см. Төлегенұлы Муслим 44 топ (электр газымен дәнекерлеуші), 2 орын 266 см. – Веселов Анатолий 44 топ, 2 орын 266 см. Шапавалов Сергей 40 топ (экскаватор машинисті), 3 орын 265 см. – Угненко Роман 47 топ (экскаватор машинисті). Командалық нәтежиесінде 1 орын 535 см. – 44 топ, 2 орын 504 см. – 40 топ, 3 орын 493 см. – 42 топтар иеленді.
3. Секіргішпен екі аяқпен 1 минут бойы секіру жарыста 1 орын 165 рет – Канатов Табиғат 40 топ (экскаватор машинисті), 2 орын 143 рет – Амамбай Ораз 51 топ (электр газымен дәнекерлеуші), 3 орын 130 рет – Ярмолюк Андрей (токарь) студенттер иеленді. Барлығы 14 студентт қатысты.
4. 16 кг кір тасын көтеру жарысында Топттық есепте: 1 орын 30 топ (токарь), 2 орын 43топ (токарь), 3 орын 40 (экскаватор машинисті) топтар иеленді. Жеке есепте 1 орын – Темирбулатов Ислам 30 топ (токарь), 2 орын Абданбеков Алишер 43 топ (токарь), 3 орын Сансызбай Наурызбай 30 топ (токарь) иеленді.
5. 1, 2, 3, және 4 курс құрама командалар арасында волейболдан жарыстар жалғасуда.