кәсіби шеберлік байқауы

2022 жылғы 03-04 мамырда Хромтау тау-кен-техникалық жоғары колледжінде тау-кен металлургия саласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары арасында Республикалық кәсіптік шеберлік байқауы өтті.
Конкурстың құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі болып табылады.
Байқаудың негізгі мақсаты: тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі ТжКБ ұйымдарының дарынды оқытушыларын анықтау, ТжКБ ұйымдарының дарынды, шығармашыл педагогтарын қолдау.
Тәжірибелік бағытты ескере отырып, конкурс Қазақстан Республикасындағы тау-кен металлургия саласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары арасында алғаш рет өткізілді.
Байқауға Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беретін бес оқу орнынан сегіз педагог қатысты. «Қ.Пшенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі» КМҚК, Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі, «Жоғары техникалық колледжі МКҚК, Щучинск қаласы, «Хромтау тау-кен-техникалық жоғары колледжі» МКҚК.
Сайыс тапсырмаларын орындау барысында қатысушылар тест тапсырмаларын орындады, ағылшын тілінен мәтіндер жазды, тренажерларды басқару, нивелирмен жұмыс істеді, ПП-63 перфораторын бөлшектеу және жинау, гидравликалық басқару схемасын құрастыру қажет болды.
Байқау қорытындысы: Гран-при – Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі, 1 орын – Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі, 2 орын – Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі, 3 орын «Степногорск қаласының тау-кен колледжі», «Щучинск қаласының жоғары техникалық колледжі» иеленді.