6-мамырда Қосым Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің кітапханасында «Жеңістің әйелдер қауымы: Ұлы Отан соғысының қазақ батыр-қыздары» атты патриоттық сағаты болып өтті. 9-мамыр- Жеңіс күні ауыстырылмайтын және Ұлы күн болып қала береді! 500 қазақстандықтар жасаған ерліктері үшін Совет Одағының батыры атақтарын иеленді. Соның ішінде Маншук Маметова және Алия Молдағулова да бар. Дара ұшқыш-қазақ қызы Хиуаз Доспановаға «Халық Қаһарманы» атты жоғарғы атақ берілді. Еліміздің ұлы қыздары ерліктерімен ерекшеленді. 52-топ студенттері Жеңіс батырлары сериясынан видео үзінділерді тамашалады. Соғыс жылдарындағы әндер тыңдалды.