Жеңіс күні қарсаңында Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің студенттері «WorldSkills Pavlodar 2022» VI өңірлік чемпионатының жүлдегерлері колледж аумағында ағаш отырғызды. Колледждің әлеуметтік серіктесі «ERG» компаниясы көшеттерді тегін ұсынды. Колледж студенттері: Катков Павел, Теміршотов Нұрхан, Олжабай Темірлан, Құсайынов Мұса, Сайлаубек Темірлан, Мазурин Владимир 5 жас қарағай отырғызды, сол арқылы олар ерлердің алғашқы міндетін орындады. Болашақта үй салу, ұл өсіру сияқты міндеттерді де біздің жігіттер өте жақсы орындайтынына сенімдіміз!
Себебі, кәсіби қалыптасу жолына алғашқы қадам жасалды және де біз олардың өз ісінің шебері болады деп үміттенеміз.
Басшының ОӨЖ жөніндегі орынбасары С.Аубакирова