2022 жылғы мамыр айының 05-10 аралығында колледжде 9 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған іс-шаралар, сынып сағаттары, «Ұлы Отан соғысының тарихы» фильмін қарап, соғыс қаһармандары туралы өлеңдер оқылып, ән айтылды, кітап көрмесі ұйымдастырылды.
№49-топ студенттері топ шеберімен концерттік бағдарламаны тамашалады.
Қалалық «Сап түзеу және ән» байқауына №48 және № 47 топ студенттері қатысып, Екібастұз қаласының Алғыс хатымен және ақшалай сыйлығымен марапатталды.
Колледждің құрама командасы 10 мамыр күні (46,42,52 топ) жүгіру бойынша қалалық жеңіл атлетика эстафетасына белсенді қатысып, жүлделі 1 орынға ие болды.
Кәсіподақ комитетінің төрағасы және мүшесі Е.Д. Генш және колледж басшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г. Ж. Садыкова Ұлы Отан соғысы батырларының монументіне гүл шоқтарын қойды. Қатысушылар қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Біз Ұлы Отан соғысының батырларын әрдайым есте сақтаймыз. Еркіндік бергені үшін мәңгі борыштармыз…