2022 жылдың 30 маусым күні колледж кітапханасында Ұлттық домбыра күніне арналған “Домбырамның үні кернесін» тақырыбында Ұлттық домбыра күніне арналған әдеби көрме – ұйымдастырылды. Іс-шараға № 52 топ студенттері қатысты. Кітапханашы О.В. Кожемяк және қазақ тілі пәнінің оқытушысы С. Т. Махметова домбыраның шығу тарихы мен атақты күйшілер жайлы тың ақпарат берді.
Қазақстандағы жаңа мереке – шілденің бірінші жексенбісінде атап өтілетін ұлттық домбыра күні.
Қытайда 10450 домбырашы “Кеңес”қазақ күйін (музыкалық пьесасын) орындағаннан кейін, домбыра – қазақтың халық аспабы ретінде 2010 жылы – Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген еді. Қазақтың қасиетті қара домбырасы жайында ел арасында аңыздар көп. Мұхамедкалиева Аида студенттерге домбыра құрылғысын көрсетіп, аспаппен таныстырды.
Қатысушылардың назарына «Күй» туралы әдебиеттерге шолу жасалып, күйлер тыңдалды. Домбыра туралы аңыздар жас тыңдаушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Домбыра –қазақ халқының тарихымен бірге сыр шертісіп келе жатқан қасиетті мұра.