Колледжде үш жыл бойы білім сапасының жоғары деңгейінде келесі мамандықтар бойынша білім сапасы: 07240300 «Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық түрде қазу», 07150300 «Токарлық іс (түрлері бойынша)» тиісінше 60%, 59 %-ды құрайды.
07160500 «Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету», 07130100 «Электр жабдықтары» (түрлері мен салалары бойынша), 17150500 «Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)», 07130100 «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандықтары бойынша білім сапасы жеткілікті жоғары деңгейде, тиісінше – 53,8%, 52%, 54%, 50% құрайды.
Соңғы үш жылдың қорытындысы бойынша білім сапасы нәтижесінің талдауы төмендегідей:
-білім сапасы барлық мамандықтарда оң динамика (5%) байқалады, оқуға деген мотивация жеткілікті деңгейде;
-соңғы үш жылдың жалпы қорытындысы 55 %-ды құрады, бұл білім сапасының айтарлықтай жоғары деңгейі;
-оқытудың тұрақты оң нәтижелеріне колледж қызметіне тиімді инновациялық технологияларды, оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін сауатты пайдалану, үлгерімі төмен және оқу қабілеті жоғары студенттерге сараланған және жеке тәсілдерді енгізу арқасында қол жеткізілді.