«Қ.Пшенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі» КМК-да студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында іс-шаралар өткізілді.
2022 жылдың 6 қыркүйегінде «Адалдық сагаты» «Ахмет Байтұрсынов – адамзат пен білімнің себушісі» атты сынып сағаттары өтті. Мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш партиясының мүшесі, ағартушы, ғалым, түркітанушы, ақын, аудармашы – Ахмет Байтұрсынұлы.
Ол өзінің алдына бар ынтасымен қазақ балаларын оқытуды асыл мақсат етіп қояды. Нағыз патриот болуды, халқына адал да әділ қызмет етуді Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы осыған үйретеді.
Осы және басқа да идеяларды студенттер «Адалдық сағаты» сабағында талқылады.