12 қыркүйек күні Қ.Пшенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде студенттерге, мұғалімдерге және ата-аналарға арналған денсаулық күні өтті.
Ашылу Қазақстан Республикасының Туының көтерілуімен және Әнұранының орындалуымен басталды. Балалар іс-шараның жоспары туралы толық ақпарат алды. Жарыстың қызуы ешкімді бей-жай қалдырмады.
Бірінші курс студенттері бір-бірімен жақынырақ танысып, жоғары курс оқушылары тағы да өз қабілеттерін көрсетті.
Барлық топтар кураторлармен және өндірістік оқыту шеберлерімен бірге жарыстың барлық түрлеріне белсенді қатысты: дене шынықтыру жаттығулары, көңілді старттар, жүгіру арқылы ұзындыққа секіру, ойын спорт түрлерінен жарыстар (волейбол, оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер арасындағы футбол), брейн-ринг.
Барлығы сергектік пен жақсы көңіл-күй зарядын алды.