2022 жылғы 21-22 қараша күндері С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің базасында Павлодар облысы колледждерінің бейіндік пәндер бойынша 3 курс түлектерінің студенттері арасында пәндік олимпиада өтті.
Олимпиаданың 20-дан астам қатысушысы екі күн ішінде теориялық және практикалық дағдылардың жоғары деңгейін көрсетті.
Бірінші күні олимпиадаға қатысушылар бейіндік пәндер бойынша тест тапсырмалаларын орындады, екінші күні олимпиадаға қатысушыларға әр түрлі деңгейдегі практикалық тапсырмаларды орындау ұсынылды.
Олимпиаданың екі турының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды: Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің 3 курс студенттері: бірінші орынды Қанат Табыс иеленіп, ToU грантын жеңіп алды, екінші орынды иеленген Диас Мейрам- оқудың бірінші жылына 50 пайыздық жеңілдік алды.
Университет өткізетін жыл сайынғы Олимпиада ректордың грантын жеңіп алуға және бірінші курс студенттеріне жеңілдіктер алуға мүмкіндік береді.
Қанат Табысты, Диас Мейрамды және олимпиада жетекшісі арнайы пәндердің оқытушысы Кокаева Салтанат Оразхановнаны құттықтаймыз!!!