2022 жылдың 21 желтоқсанында Петропавл қаласында арнаулы пәндердің дарынды оқытушыларын анықтау, сондай-ақ білім беру саласының дарынды оқытушыларын анықтау мақсатында энергетика саласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары арасында республикалық кәсіптік шеберлік байқауы онлайн режимде өтті. Байқаудың мақсаты: Озық инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату және кәсіби-педагогикалық шеберлікті арттыру.
Байқауға Павлодар облысынан екі адамнан тұратын арнайы пәндер оқытушыларының командасы қатысты. Облысымыздан Қ.Пшенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің арнайы пән оқытушылары Ерғалиев Байназар Қайыргелдіұлы және Павлодар ақпараттық технологиялар колледжінің Алеушинов Талғат Талапұлы қатысты.
Байқауға қатысушылар теориялық және практикалық дайындықтарын, кәсіби шеберліктерін көрсетті, инновациялық тәсілдерді қолданды, жоғары еңбек мәдениеті мен кәсіби-педагогикалық сөздік қорын меңгерді.
Байқау қорытындысы бойынша Павлодар облысының командасы Гран-при жүлдесін иеленді. Құттықтаймыз!!!

Колледж әдіскері: Р.Жумабекова