17.03.2023ж. күні колледжде Наурыз мерекесіне студенттер Дана Серікова мен Айдана Мұхаметқалиева Республикалық домбыра челленджне қатысты.
Челлендждің мақсаты – домбыра арқылы қазақ халқының болмысын дәріптеу және мәдени мұрасын сақтауды насихаттау.
Челлендждің міндеттері – білім алушылардың қазақ халқының музыкалық мәдениетіне қызығушылықтарын ояту, орындаушылық дағдыларды қалыптастыру, қазақ халық аспаптарының тембрлі дыбысталуы туралы білімдерін кеңейту, домбырада музыка ойнаудың ұжымдық түрлерін жетілдіру.