2023 жылғы 12 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 12.00-де Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде оқытушылар Е.А.Полупанова мен Н.К. Жусупов студенттер мен инженерлік-педагогикалық ұжым арасында шахмат ойынын өткізді.
Ойын уақытты бақылау арқылы өтті (жылдам шахмат). Қатысушы жеңіске жеткенде екі ұпай, ұтылған кезде нөл алды. Тең ойын үшін бір ұпай берілді. Бірақ, әрине, мұндағы бәсекелестік принципті емес еді, челлендждің басты миссиясы- ойынды насихаттау.
Челлендждің мақсаты-шахмат сабақтары арқылы балалардың зияткерлік және ақыл-ой қабілеттерін дамытуға жәрдемдесу.