2023 жылы 19 сәуір күні Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің №58 топ студенттерімен Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюшы ардагерлердің құрметті қонақтары арасында дөңгелек үстел өтті: “Чернобыль одағы” ҚБ төрағасы Қаржасов Қабдылқамыт Насырұлы, Альмухамедов Амангелді Жаркенұлы, Сыздықов Дәулет Қуатұлы. Кездесу Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың 37 жылдығына арналды.
Кездесу басында кітапханашы О.В.Кожемяк пен оқытушы Т.А.Булькендикова кездесуге қатысушыларға «Чернобыль – ХХ ғасырдың қасіреті» презентациясын көрсетті.
Содан кейін Чернобыль ардагерлері студенттермен Украина мен Беларуссияның радиоактивтік ластануға ұшырап, адамдар өміріне қауіп төніп, халық басқа жерге көшірілгені жайлы т.б. ақпараттармен бөлісті. Қонақтар студенттердің «Сіз өзіңізді радиациядан қалай қорғадыңыз?», «Сізде қорқыныш сезімі болды ма?”, «Мемлекет тарапынан сізге қандай көмек жасалды?», «Қасірет қайталанбауы үшін не істеу керек?» деген сұрақтарына жауап берді. Қонақтарға алғыс ретінде студенттер өлең оқыды.
Дөңгелек үстел соңында қонақтарға қызықты әңгімелері үшін алғыс айтылып, зор денсаулық және ұзақ өмір тіледі.
Іс-шараның мақсаты-жастарға трагедияның ауқымын, оның экологиялық, экономикалық және әлеуметтік салдарын көрсету. Бұл апаттың тарихы және оның салдарын жеңу, тарихын білуге, есте сақтауға және де осындай қателіктерге жол берілмеу керек.