Колледж жоспарына сәйкес 10 04.-21.04.2023 ж. аралығында жаратылыстану-математикалық цикл ғылымдарының онкүндігі өтті.
Іс-шараның мақсаты- студенттердің жаратылыстану-математикалық цикл пәндеріне деген қызығушылығын дамыту.
Пәндік онкүндік аясында келесі іс-шаралар ұйымдастырылды:
Химия пәнінің оқытушысы Кабдыгалиева Н.А «Слабое звено», математика пәнінің оқытушылары Абикеева Ж.А., Жусупов Н.Қ. «Математикалық триатлон» интеллектуалды ойындарын өткізді.
Бірінші курс студенттеріне физика және химия пәндері бойынша қызықты эксперименттер көрсетілді. Эксперименттер студенттерді физика және химия заңдарының әртүрлі қолданыстағы қызықты түрімен таныстырды, пәнге деген қызығушылығын оятып, білімдерін тереңдетіп, кеңейтіп, логикалық ойлауын дамытуға ықпал етті.
Физика және электротехника пәнінің оқытушылары мен Исенова М.Ж., Кокаева С.О. «Тармақсыз айнымалы токтың электр тізбегі» тақырыбы бойынша кіріктірілген ашық сабақ өткізді.
Жаратылыстану-математикалық цикл пәндерінің оқытушылары математика, физика және химия пәндері бойынша олимпиада ұйымдастырды.
Жаратылыстану-математикалық циклінің онкүндігінің қорытындысы бойынша № 56 топ студенттері Кирилл Портнов пен Байгазинов Елнұр, № 59 топ студенті Шатаева Сабина 3- орын иеленді.
Белсенділік танытқаны үшін 55,56,57,58,59 топ студенттері алғыс хаттармен марапатталды.