2023 жылғы 26 сәуір күні №52 топ студенттері «Достық үйінде» өткен Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Халық дәстүрлері» Қазақстан халқының ұлттық мәдениет фестиваліне белсене қатысты.
Қазақстан халықтары жазушыларының кітаптарының көрмесі, ұлттық мәдениеттер мен салт-дәстүрлердің этно фестивалі, жәрмеңке-көрме, қолөнершілердің үздік қол жұмыстары, театр, концерт тамашалап, халық ойындары көрсетілді.