2024 жылғы 17 қаңтар күні Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжінде көрнекті геолог-ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстан Ғылым Академиясының негізін қалаушы және Тұңғыш Президенті, жерлесіміз Қ.Сәтпаевтың 125-жылдық мерейтойын жалпы ұлттық атап өту аясында «Қаныш Имантайұлы Сәтпаев – әлемге танымал ғалым» атты біріңғай сынып сағаты өткізілді. Студенттерге дара тұлғамыздың өмірбаяны, еңбек жолы, әлемдік ғылымға қосқан үлесі туралы айтылды. Ұлы тұлғамыз Қаныш Сәтпаев – ғұлама ғалым. #Қанышжылы