Ағымдағы жылдың 3 ақпанында жас оқытушылармен жұмыс жүргізілді.
Мақсаты – жас оқытушылардың заманауи колледж жағдайында табысты бейімделуі үшін ұйымдастырушылық-әдістемелік жағдайлар жасау. Міндеттері: Жас мамандардың ұжымға бейімделуіне көмектесу, кәсіби дайындық деңгейін анықтау, педагогикалық іс-тәжірибедегі қиындықтарды анықтау және әдістемелік көмек көрсету, жас педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыруға жағдай жасау.
«Жас ұстаз» мәртебесіне биыл келген жас мамандар қатысты: орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жумалинова Махаббат Мейрамовна – тәлімгер Касаткина Надежда Павловна, Сарманова Бақытгүл Әубәкірқызы – арнайы пән оқытушысы – тәлімгер Юхименко Ирина Викторовна, өндірістік оқыту шебері Астаева Айнур Зуратқызы – тәлімгер Умарова Әлия Михайловна. «Жас ұстаз» мектебін тәжірибелі педагог Ирина Михайловна Воронова басқарады.
Жұмыс барысында жас мамандар тәлімгерлердің жетекшілігімен «Менің педагогикалық кредом» тақырыбындағы презентация жасалып, көрсетілді .
Презентацияның негізгі элементі барлық қатысушылардың белсенді рөлімен белгілі бір мазмұнды меңгерудің өзіндік әдістерін көрсету болып табылады. Жұмыс барысында жас ұстаздар ағымдағы жылға арналған ұзақ мерзімді жұмыс жоспарымен бөлісті.
Колледж әдіскері Р.Жұмабекова жас ұстаздармен жұмыс жасаған барлық жас ұстаздар мен тәлімгерлерге алғысын білдірді.