Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің студенттері Екібастұз қаласының мұражайына Екібастұз аймағының атақты кенші Қосым Пішенбаевтың 180 жылдығына арналған «Қосымның тағдыры» кітабының презентациясына шақырылды. Презентация 2024 жылдың 2 ақпанында өтті. Қосым туралы кітапты 1972 жылы Баянауыл өлкетанушы-жазушысы Александр Черкашин жазған, бірақ мемлекеттік тілге аударылып, 2024 жылы ғана Бұқар Жырау атындағы Павлодар мұражайының бастамасымен жарық көрген. Бұл кітап жерлесіміз туралы шынайы ақпараттың көзі болып табылады. Презентацияда қаланың мәдениет бөлімінің өкілдері, жазушы мен Қосым Пішенбаевтың туыстары, Бұқар Жырау атындағы Павлодар мұражайының директоры сөз сөйледі. Студенттер 1994 жылдан бері біздің колледж есімімен аталатын адамның тарихы туралы көптеген ақпарат алды.