2024ж 6,11 күндері «Өнер» қалалық мәдениет сарайында және Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен «Мұқағали-мәңгілік Жыр» қалалық байқауы өтті. Өнерлі додада 16 үміткер бақ сынасты.Сайыстың талабына сай қатысушылар 3 кезеңнен өтуі тиіс болды.1 кезең –«Поэзия, менімен егіз бе едің?», 2 кезең-ақынның шығармашылығы бойынша бейнеролик көрсету. 3-кезең- «Жырлайды жүрек» ақынның өлеңдеріне жазылған әндерді жанды дауыспен орындау. Біздің колледж атынан «Тігінші» мамандығында білім алушы І курс студенті Муратхан Гүлжанар ақиық ақынның «Бірігіңдер, әлемнің мұсылманы» атты өлеңін мәнерлеп оқып,көрермендерді риза қылды. Байқаудың нәтижесі бойынша Муратхан Гүлжанар «Алғыс хат» және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Жетекшісі-қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Махметова Сандуғаш Темірболатқызы.
Құттықтаймыз! Көздеген мұрат – мақсаттарына қол жеткізіп, армандарың орындалсын! Келешегің кемел, болашағың нұрлы болсын!