Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі 2024 жылдың 14 ақпанында «Кітап достарын іздейді» акциясын жариялады. Кітапханада «Кітапханаға кітап сыйла, кітап оқығысы келген адам шын ниетімен оқысын» деген тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқытушылар мен студенттер бір-бірімен кітап алмасып немесе кітапханаға кітап сыйлай алады. №65 топ студенттері кітап сүйер оқырмандарды аталған мерекемен құттықтап, кітап оқуға шақырды. Кітап оқу-рухани қазына екенін ұмытпайық!