16 жасқа толмаған балаларға, сондай-ақ жеке жеке басын куәландыратын құжаттарға, 16 жасқа толған адамдарға Қазақстан Республикасы азаматының паспортына:
1. Баланың туу туралы куәлігі немесе онық цифрлық нысаны;
2. Ата-анасының біреуінің (заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжат не оның цифрлық нысаны – жеке басын сәйкестендіру және Қазақстан Республикасының азаматтығын растау үшін;
3. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, оны 16 жасқа толғанға дейін алған жағдайда;
4. Нотариалды куәландырылған өтініш – баланың Қазақстан Республикасының азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды алуына шетелдік ата-анасының келісімі (бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған және ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған жағдайда, олардың бірі бала туған кезде Қазақстан Республикасының азаматтығында болған және осы уақытта ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын).
Жеке басты куәландыратын құжатты жаңарту үшін не істеу қажет?
Тіркелген жеріңізге қарамастан, жеке куәлікті кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығында ауыстыруға болады. Тек ескі құжатты көрсетіп, 0,2 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде мемлекеттік баж салығын төлесеңіз болады. Жаңа құжат 15 жұмыс күні ішінде дайын болады. Қалаған жағдайда қосымша ақыға куәліктің жасалу уақытын тездетуге болады.