“Колледждер Альянсы және ERG” жобасын іске асыру шеңберінде “ЕЭК” АҚ “Шығыс ” кеніші колледждің әлеуметтік әріптестері “пайдалы қазбалар кен орындарын ашық игеру” мамандығы бойынша №55 топ студенттері үшін өндіріске экскурсия ұйымдастырылды. №2 өндіру жұмыстары учаскесінің тау кен шебері Онгонусовты студенттер қызығушылықпен тыңдады. Экскурсия барысында студенттер секцияның бақылау алаңына барып, көмір өндіру, өңдеу және тасымалдау процестері туралы көптеген пайдалы ақпарат алды.
Кеніштің жастар бірлестігі студенттерге арналған викторина ойынын өткізді, олардың кәсіби білімдері бойынша қызықты сұрақтар қойылып, шағын естелік сыйлықтар ұсынылды. Экскурсия кеніштің асханасында аяқталды, онда студенттер кеншілерді немен тамақтандыратынын көріп қана қоймай, тіпті тағамдардың дәмін татты. Студенттер тамаша әсермен колледжге оралды. Олар өз топтастарымен қызықты экскурсия жайлы өз әсерлерімен бөлісті. Білім алушы студенттердің өте қызықты, мақтан тұтатын мамандығы бар –ол Кенші!