2024 жылдың 13 наурызында колледж әдіскері Жумабекова Рысты Айтмаганбетовна оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлеріне «Педагог қызметкерлерді аттестациялау ережелері мен шарттары» жобасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жұмыс барысында аттестаттаудың негізгі философиясы қарастырылып, жаңа аттестацияға қандай өзгерістер енгізілгені айтылды.
Сонымен қатар, педагогтерді мерзімінен бұрын аттестациядан өту және оларға қойылатын талаптары да қарастырылды.