2024 жылғы 3 мамырда Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің кітапханасында № 62 топ студенттерімен ақын, композитордың 100 жылдығына арналған “Булат Окуджава – одинокий рыцарь Арбата» атты әдеби – музыкалық кеш өткізді.
Студенттерге Б.Ш.Окуджаваның өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби-музыкалық композиция ұсынылды. Кештің жүргізушісі Орталық қалалық кітапхананың кітапханашысы Лисишина Светлана Михайловна Арбатта өткен ақынның балалық шағы, Булат Окуджаваның Ұлы Отан соғысына қатысуы, оның поэтикалық шығармашылығы туралы әңгімелеп берді. Әңгіме әскери деректі кадрлар презентациясымен және Б.Окуджаваның «До свидания, мальчики…», «Десятый наш десантный батальон», «Ваше благородие, госпожа удача!» және тағы басқа әндері айтылатын «Белорусский вокзал», “Белое солнце пустыни» кинофильмдерінен үзінділері көрсетілді. Кітапханашы О.В.Кожемяк ақын, композитор Б.Окуджаваның кітаптар көрмесімен таныстырды. Кеш соңында студенттер «Пожелание друзьям» атты өлеңін оқыды.