16 қаңтарда Қ. Пшенбаев атындағы Тау-кен техникалық колледжінің кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында студенттермен Қазақстанның халық ақыны, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толуына арналған «Фариза Оңғарсынова: Өмір белестері» тақырыбында поэзия кеші өтті.
Фариза Оңғарсынованың поэзиясы – қазақ әдебиетінің ең жарқын беттерінің бірі. Ол – қазақ халқының ақын қызы.
Жарқын өзіндік бейнелері, экспрессиясы мен лирикалығы, өлеңнің рифмасы мен ырғағын меңгеру оқырмандардың жүрегін баурап алады. Студенттер «Фариза Оңғарсынова» деректі фильмінен ақынның өмірі туралы көп ақпарат алды.
1курс студенттері – Карпенко Денис, Чепрунова Дарья, Жакупов Рустем, Осыховская Дарина, Кох Александр қазақ және орыс тілдерінде ақынның өлеңдерін оқыды.
Муратхан Гүлжанар және Ронин Артемии “Туған жер”,”Отан” тақырыбындағы өлеңдерді шын жүректен, туған жерге деген махаббатпен оқып,көрермендерді тәнті етті. Қалалық поэзия кешінде Гүлжанар мен Артемиге көркем сөз өнерінің биігіне жетуіне тілектеспіз!!!