21 қаңтар күні Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің 4 курс студенттері қалалық орталық кітапханада өткен Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына арналған «Махаббат мерекесі» романын талқылау іс-шарасына қатысты.
Ілияс Есенберлин – белгілі қазақ жазушысы, ірі тарихи романист, оның ең танымал еңбектері: олар екі тарихи трилогия: «Көшпенділер» (1970 жылдардың басы) және «Алтын Орда» (1980 жылдардың басы).
Ілияс Есенберлин замандастары туралы әңгімелер мен романдар да жазды. Оның ең лирикалық шығармаларының бірі «Махаббат мерекесі» романы. Онда екі жас сәулетші Еркебұлан мен студент Жұлдыздың әдемі, адал және жанқиярлық махаббаты, бақытқа жету жолында қандай кедергілерді жеңуге тура келгені туралы баяндайды.