2025 жылғы 6 мамыр күні колледж студенттері Отан қорғаушылар күні және Жеңістің 80 жылдығына арналған «Рух» қалалық эстафетасына қатысты.
Қатысушылар автоматты бөлшектеу және құрастыру, пневматикалық мылтықтан ату, противогаз кию, граната лақтыру сияқты жарыстарға қатысты.
Колледж құрамасы дайындықтарын, үйлесімділіктерін жоғары дәрежеде көрсете отырып, 1 орынға ие болды.
Колледж студенттерді мақтан тұтады, әрі лайықты жеңістері үшін алғысын білдіреді. Сонымен қатар, колледж командасын жарысқа дайындағаны үшін Калыков Нурлан Кульмухаметовичке, Полупанова Елена Анатольевнаға және Конуспаева Асель Жумабаевнаға ерекше алғыс айтылды!
Құттықтаймыз!















