Халықтың репродуктивті денсаулығын қорғау апталығына байланысты 2025 жылдың 13 мамырында Қ.Пшенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу бойынша тренинг өткізілді. Бұл шараның мақсаты: жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің, ерте түсіктердің және жұқпалы аурулардың алдын алу.
Тренинг барысында студенттер әйелдердің негізгі рөлін, ерте жүктіліктің әлеуметтік, моральдық және психологиялық мәселелерін талқылады, қалаусыз жүктіліктің алдын алу шаралары туралы білді, Қазақстандағы статистикалық мәліметтермен танысты, бейнероликтерді көріп, талқылады.
Материалды бекіту үшін «Жүктіліктің алдын алу әдістері» ситуациялық рөлдік ойыны өткізілді. Студенттер басқа тапсырмаларды да орындап, кез келген жағдайдан шығудың жолы әрқашан бар және қиын уақытта көмектесуге дайын адамдар бар деген қорытындыға келді.















