2025 жылғы 21 қазанда К.Пшембаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде
Қазақстан Республикасы күні мерекесіне арналған нысана ату жарысы өткізілді.
Жарыстың мақсаты – студенттердің патриоттық сезімін арттыру, әскери-спорттық шеберлігін жетілдіру және үздік мергендерді анықтау болып табылады.
Жарыс ойын залында өтті. Барлығы 24 студент қатысты. Жарысқа 1 және 2 курс студенттері қатысты.
Жарыс нәтижесі бойынша орындар төмендегідей бөлінді:
I орын – Измалкова Ева (80 топ), Шакар Серікжан (76 топ)
II орын – Крестинина Ксения (81 топ), Овдин Иоан (80 топ)
III орын – Туманов Данил (75 топ)
Жеңімпаздар Қазақстан Республикасы күні мерекесіне арналған грамоталармен марапатталды.
Бас төреші: НВТП пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы С.А. Шакаров
Бас хатшы: Е.А. Полупанова















