Қауіпсіз орта құру және қорқыту жағдайларын болдырмау мақсатында Қ. Пішенбаев атындағы ЭГТК колледжінің студенттері арасында тренинг өтті. Тренингтің мақсаты студенттерді қорқыту туралы хабардар ету, қорқытуды тану және оған қарсы тұру, эмпатия мен қолдауды дамыту болды. Жасөспірімдер арасында қорқыту – бұл бір немесе бірнеше адам екіншісін әдейі немесе үнемі ренжітетін, қорлайтын және қорқытатын агрессивті мінез-құлық. Бұл физикалық, ауызша, әлеуметтік зорлық-зомбылық және кибербуллинг болуы мүмкін. Қорқыту жәбірленушіге ауыр зардаптарға, соның ішінде депрессияға, мазасыздыққа және тіпті суицидтік ойларға әкелуі мүмкін.
Қорқытуды мінез-құлқында өзгерістер,сабақты өткізіп жіберу, заттардың зақымдануы немесе жоғалуы, бас ауруы мен ұйқының бұзылуы туралы шағымдар болған кезде тануға болады.
Білім алушылармен қорқытудың алдын алу үшін “Сенім шеңбері”, “Эмпатия”, “Қолдау шеңбері” және түрлі рөлдік ойындар түрлері, себептері, қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды.
Тренинг соңында психолог Т. Мұхамеджанова «Егер сіз қорқытуға тап болсаңыз – үндемей қалманыз және сенімді ересек адамға буллинг туралы айтыңыз!» деді.
Есіңізде болсын: буллинг – бұл бірге шешуге болатын мәселе.















