Әлеуметтік серіктестікті дамыту, кадрларды даярлау сапасын арттыру шеңберінде «Богатырь Көмір» ЖШС оқу-курстық комбинаты «Кәсіптік және арнайы құзыреттер тізілімі-оқыту нәтижесі ретінде және өндірістегі персоналды дамыту» тақырыбы бойынша жұмыс берушімен білім беру жүйесін консалидациялауға бағытталған семинар өткізді.
Семинардың модераторы оқу-курстық комбинатының бастығы Л.В. Шарипова қатысушыларды өндірістегі корпоративтік оқытудың негізгі принциптері және әдістерімен таныстырды.
Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің педагогтары оқытудың тиімді жүйесін модельдеуге белсенді қатысты: колледж-өндіріс, сондай-ақ компанияда енгізілген жаңа технологиялар туралы көптеген құнды ақпараттармен танысты.















