2026 жылдың 10 сәуірінде Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің базасында «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша Junior Skills қалалық байқауы өтті. Байқауға №7, 21 және №26 ЖОББМ өкілдері қатысты. «Tailor-S тігін фабрикасы» ЖШС басшысының орынбасары Н.А.Игнатенко бастаған қазылар алқасы қатысушыларды 3 модуль бойынша бағалады.
Байқаудың қорытындысы бойынша №21 ЖОББМ оқушысы Злагадух К. алтын медальға, № 7 ЖОББМ оқушысы М. Жумашева күміс медальға, № 21 ЖОББМ оқушысы Т. Амангелді қола медальға ие болды.
Барлық қатысушылар мен жетекшілеріне дипломдар, сертификаттар, естелік сыйлықтар табысталды.
Байқау жүлдегерлері Екібастұз қаласының Халық банкі филиалынан 10 мың теңге сомасында сертификаттар алды.















